+7 (727) 267-28-83

85f5afd4 b4ff 4610 8898 aee55568f1d2

21 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай жыл сайынғы «КІТАП шоу - 2023» фестивалі аясында танымал француз фотографы Жан-Марк Годестің «Жанды кітаптар» (Livres en vie) тақырыбындағы фотокөрмесі мен шеберлік сағаты өтті.

Жан-Марк Годес – кітаптарды фотосуреттер арқылы насихаттаған француз фотографы. Оның шығармашылық жұмыстары – өмір мен кітап арасындағы қарым-қатынастың поэтикалық көрінісі іспетті.

«Жанды кітаптар» - «Livres en vie» арт-жобасының негізгі мақсаты - кітап оқуға және әдеби шығармашылықпен айналысуға деген құштарлықты арттыру болып табылады.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Б.К. Оспанова ашып, сөз кезегін директордың орынбасары А.Х. Юсуповаға берді.

Сонымен қатар, Алматы Француз Альянсы директорының міндетін атқарушы Вивьен Фуке құттықтау сөз сөйледі.

Фотограф Жан-Марк Годес келушілерді фотокөрмемен таныстырып, оларға шеберлік сағатын өткізді және өз тәжірибесімен бөлісті.
Шараға Алматы Француз Альянсының мүшелері, Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, мектеп ұстаздары мен оқушылары,оқырмандар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Шара соңында кітапхана директоры Б.К. Оспанова Вивьен Фуке мен Жан-Марк Годеске іс-шараны бірлесе ұйымдастыруға атсалысқандары үшін алғысын білдірді.

8d29ef03 df50 429a 9d13 47e99c0b6916   886c0fb0 d683 4ad5 8aa3 8e96778b1d84  
9257a87a 099c 4555 98e0 322616302fd0   f621cdfa 9e1c 47b4 b829 0894cbc8077c   7ae88465-8cb2-481d-9e4f-f33c969c29fb.jpg