+7 (727) 267-28-83

Ярослав Гашек

Әлем әдебиеті оқу залында атақты чех жазушысы, сатирик, драматург Ярослав Гашектің туғанына 140 жыл толуына орай «Ярослав Гашек — ұлы реалист және сатирик» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ярослав Гашек 1883 жылы 30 сәуірде Прагада ұстаздар отбасында дүниеге келген. Коммерциялық училищені бітірген. Ол ХХ ғасырдың басында саяхат туралы очерктерін, сықақ әңгімелерін жазды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1915 жылы Гашек әскерге шақырылып, орыс-герман майданында соғысты. 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезінде Я.Гашек большевиктердің жағына шығып, РСДЖП құрамына кірді.

1900 жылы Гашектің алғашқы танымал шығармасы «Ефрейтор Которба» сауда академиясында оқып жүрген кезінде пайда болды. Бір кездері ол тіпті «Сиринкс» әдеби үйірмесіне қатысты. 1903 жылы Гашектің алғашқы кітабы: досы Ладислав Гаекпен бірге жазған «Майские выкрики» өлеңдер жинағы жарық көрді.  1912-1913 жылдары «Бравый солдат Швейк и другие удивительные истории», «Страдания пана Тенкрата», «Гид для иностранцев» жинақтары жарық көрді. 1915 жылы Гашектің — «Моя торговля собаками» әңгімелер жинағы дүниге келді. Гашек өмірінің ресейлік кезеңі негізінен Ресейде шыққан чех газеттеріне жазған көптеген мақалалары мен фельетондарында көрініс тапты. 1917 жылы маусымда Киевте әйгілі романға негіз болған циклды жалғастыра отырып, «Бравый солдат Швейк в русском плену» повесі жарық көрді. Прагаға оралғаннан кейін Гашек тағы үш әңгімелер жинағын шығарады: «Две дюжины рассказов» (1921), «Трое мужчин и акула» (1921) және «Мирная конференция и другие юморески» (1922). 1922 жылы Гашектің басты жұмысы - «Похождения бравого солдата Швейка» романы басылып шықты. Жеке шығарылыммен басылып, роман оқырмандар арасында бірден танымал болған.

Я. Гашек - 1500-ге жуық түрлі әңгімелердің, фельетондардың және басқа да шығармалардың авторы, оның «Похождения бравого солдата Швейка» атты аяқталмаған романы әлемге әйгілі.

Я. Гашек 1923 жылы 3 қаңтарда 40 жасқа толмай, жүректің сал ауруынан қайтыс болды. Өлімнің себебі - Бүгінде оның шығармалары бойынша фильмдер түсіріліп, автордың кітаптарынан алынған нақыл сөздер қанатты болды. Бугульма мен Липницада жазушыны еске алуға арналған мұражайлар бар.

1955 жылы әйгілі чех анимациялық режиссері Иржи Трнктің «Бравый солдат Швейк» атты қуыршақ фильмі жарық көрді. 2007 жылы романға негізделген «квест» жанрындағы компьютерлік ойын шықты. 2002 жылы Прагадағы «Деловая Прага» газеті оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп, «"Чехия" сөзімен сізді не байланыстырады?» деген сауал қойды. Нәтижесінде, Швейк үшінші орында тұрғаны анықталды.

ҚР Ұлттық кітапханасы қорының кітап көрмесінде Ярослав Гашектің кітаптары, ол туралы әдебиеттер, әлем халықтарының әртүрлі тілдерінде: «Биобиблиографиялық көрсеткіш», «Похождения бравого солдата Швейка во время мировой войны»  повестер мен әңгімелер және т.б. шығармалары ұсынылған.

 

Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!