+7 (727) 267-28-83

иран1

6 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасына Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Науман Башир Бхатти, Алматыдағы Пәкістан елшілігінің Коммерциялық бөлімінің сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Мұхаммад Фарук, сауданы дамыту жөніндегі маман Карибаев Манас келді.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекова Науман Башир Бхатти мырзаны Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады. Ұлттық кітапхананың қызметі туралы айтып, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Сапар аясында қонақтар Пәкістанның мәдениет және әдебиет орталығында болып, оның қызметімен танысты.

иран2   иран3
иран4   иран5