1 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы Роза Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ш.М. Усенбаева дуалды оқыту жүйесі негізінде «Ақпараттық ресурстар және қажеттіліктер» пәнінен «Қазақстан кітапханаларының ақпараттық ресурстары» тақырыбында 6В03201 - Кітапхана ісі білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттеріне ашық сабақ өткізді.
Студенттер сабақтың тақырыбына сәйкес ҚР электронды кітапханалар, ақпараттық іздеу жүйелері туралы тапсырмалар бойынша үш топқа бөлініп, постер қорғап, өз ойларын сұрақ-жауап түрінде ойын арқылы қорытындылады.
⠀
Ашық сабақта жаңа технологиялар арқылы «SWOT» талдау және «Джигсо» әдістері қолданылды. Аудиториямен байланыс жоғары деңгейде болды. Осындай сабақтар арқылы болашақ кітапхана ісі мамандарының ақпараттық құзыреттіліктерін арттыру, коммуникативтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас мәдениетіне баулу арта түсері сөзсіз.