7 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бакытжамал Оспанова және Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстары қызметінің жетекшісі Айнагүл Нұрсейтова Самарқанд қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі бүкіләлемдік қоғамның "Өзбекстанның мәдени мұрасы - жаңа Ренессанс негізі" атты VII халықаралық конгресінің "Өзбек топтамалары әлем коллекцияларында. Баспалық жобалар" атты 4-пленарлық отырысына қатысты.
Жиында "Өзбекстан мәдени мұралары әлем топтамаларында" жобасы аясында жарық көрген кітап-альбомдардың 61-70 жаңа томдарының таныстырылымы өтті және осы томдарға енген әлем музейлерінің экспонаттары мен қолжазбалары туралы бейнеролик көрсетілді.
⠀
Жобаға қатысушылар: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Ресей-Татарстан, Үндістан, Өзбекстан, Австрия, Германия, Грекия, Иран, Түркмения музейлері.
⠀
Қазақстаннан ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы және ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, Жамбыл облыстық өлкетану мұражайы қатысты.
![]() |
![]() |