13-17 қараша аралығында Ақмола облысы Степногорск қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Е. Айтпаева және кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі А.С. Каиркенова біліктіліктерін арттыру мақсатында ҚР Ұлттық кітапханасында іс- тәжрибелік оқудан өтті.
Мамандарға Қазақстандағы кітапхана ісінің жағдайын талдау, кітапхана қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту, «Web-РАБИС» бағдарламасы, кітапхана қорын толықтыру, электрондық каталогтар мен дерекқорлар қорын қалыптастыру, каталогтаудың негізгі ережерлері, библиографиялық жазба құру, жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау, ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды шығару бойынша ақпараттар берілді.
Сондай-ақ, мамандар ҚР Ұлттық кітапханасының құрылымдық бөлімдерімен кеңінен таныстырылды. Кітапхана қызметіндегі инновациялық жұмыстармен танысу мақсатында Алатау ауданында орналасқан «Алатау креатив хаб» орталығына, Алматы қаласы А.П.Чехов атындағы орталық кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.
ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова біліктілікті арттыру туралы Сертификаттар табыстады.