17 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залында «Lupus Kazakhstan» қорының мерейтойы өтті.
Ұйымдастырушылар: «Азияның Шығармашылық Богемиясы» шығармашылық бірлестігі, ҚР Ұлттық кітапханасы.
⠀
Lupus Kazakhstan ‒ аутоиммунды аурулары бар адамдарға арналған пациенттік ұйым, өзінің 5 жылдығын атап өтті. Бес жыл ішінде ұйым мыңдаған пациенттерді хабардар ету және қолдау арқылы сәтті көмек көрсетті.
⠀
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының Кітапханалық жұмыстары бойынша орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы құттықтау сөзбен ашып, Lupus Kazakhstan ұжымына сәттілік тіледі.
⠀
Іс- шараны «Азияның Шығармашылық Богемиясы» шығармашылық бірлестігінің президенті Алма Нутушова жүргізді.
⠀
Мерекелік шарада танымал актриса және әнші Линда Нығматулина, талантты әртіс Томас Томасов және «Овощи&Фрукты» тобы, Асем Жұматаева мен Мейрам Смагулов, Рыскелді Зарина ән шырқап, “Асыл әже” би тобы өнер көрсетті.
⠀
Қатысушылар: пациенттер, дәрігерлер, «Азияның Шығармашылық Богемиясы» шығармашылық бірлестігінің резиденттері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |