+7 (727) 267-28-83

әлібек гл15 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында қазақ жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқарұлымен шығармашылық кездесу өтті.

Кездесуді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, жазушы, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мереке Құлкенов жүргізді.

Кездесуде Әлібек Асқарұлы өзінің шығармашылық және қоғамдық қызметіне тоқталды, естеліктерімен бөлісіп, оқырмандар сауалдарына жауап берді.

Кездесуге қатысушылар: белгілі жазушылар мен ақындар, журналистер, қоғам қайраткерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің шекарашылары, оқырмандар, кітапханашылар және БАҚ өкілдері.

әлібек1   әлібек2   әлібек3
әлібек4   әлібек5   әлібек6