+7 (727) 267-28-83

яхина гл15 мамыр күні ҚР Ұлттық кітапханасының Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында орыс жазушысы Гузель Яхинамен шығармашылық кездесу өтті.

Іс-шараның модераторы USW - Қазақстан Жазушылар қауымдастығының негізін қалаушы Сергей Орлов болды.

Кездесуді журналист, Гүзел Яхинаның «Зүлейханның оянуы» романының аудармашысы Мақсат Дүйісмағамбет ашып, кітап туралы өз ойымен бөлісіп, оның аударылу барысына тоқталды.

Гузель Яхина қазақ тіліне аударылып, «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Зүлейханның оянуы», «Самарқанға бағыт алған эшелон», «Менің балаларым» кітаптарынтаныстырды.

Жазушы өзінің кітаптары, өткен кеңестік кезең, отбасы және тағы басқалар туралы айтып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

яхина1   яхина2   яхина4   яхина3