+7 (727) 267-28-83

қанағат гл16 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында сатирик-жазушы Қанағат Әбілқайырмен кездесу өтті.

Іс-шараны ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы ашып, Қанағат Әбілқайырдың «Періштелер жоқ жерде...» кітабын таныстырды.

Шарада: жазушы Бақыт Беделхан; этнограф, профессор Қаратаева Тәттікүл; журналист Есей Жеңісұлы; фотограф Асылхан Баген және т.б. кітап туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Кездесу соңында кітап авторы баршақатысушыларға жылы лебізін және кітабына берілген жоғары баға үшін алғысын білдірді.

Кездесуге қатысушылар: студенттер, оқырмандар, кітапхана қызметкерлері және БАҚ өкілдері.