+7 (727) 267-28-83

арт гл15-16 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының өнер залында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында «By Art» студиясының көркемдік жетекшісі Ажар Төлеубаева әртүрлі жастағы балалар арасында батикпен сурет салу және кескіндеме бойынша екі күндік шеберлік сабағын өткізді.

ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері шеберлік сабақ қатысушыларына кітап көрмелері мен кітапхананың оқу залдарына экскурсия жүргізді.

Шара соңында барлық қатысушыларға «Фолиант» баспасының атынан қызықты, түрлі-түсті кітаптар сыйға тартылды.

«By Art» студиясының жетекшісі Ажар Төлеубаева Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен «Фолиант» баспасына осындай ауқымды да маңызды шараға қатысуға шақырғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

арт1   арт2   арт3