+7 (727) 267-28-83

202024 жылғы 20 маусымда Р.Бердіғалиева  атындағы Кітапханатану  залында Ғылыми-әдістемелік қызметінің мамандары ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері мен өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан әл-Фараби атындағы КазҰУ студенттеріне жаңа түскен кәсіби басылымдарға библиографиялық шолу өткізді.

Шолудың мақсаты – кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру, инновациялық жобалар мен заманауи технологияларды насихаттауда оларды қазақстандық және ресейлік  кітапханалардың жұмысымен, кәсіби басылымдармен үнемі таныстырып отыру.                                                  

Іс-шарада сөз сөйлеп, шолу жасағандар: Ғылыми-әдістемелік қызметінің қызмет жетекшісі Г.А. Маханбетова, кітапханашылар: А.Т. Тұрсынханова, Қ.М. Алтынбек, С.Н. Әбдірәлі, Ж.С. Нұрымбаева.                                               

Іс-шарада шолуға қатысушыларға «Достық алақаны» атты сергіту ойыны өткізілді, сондай-ақ, шолуда айтылған ақпараттар бойынша  сауалдар қойылып, белсенді қатысушыларға кітаптар табысталды.

20 1   20 2   20 3   20 4