+7 (727) 267-28-83

послание гл

ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын тыңдады.

Аталмыш жолдаудың ел болашағының дамуында алар орны ерекше. ҚР Президенті өз жолдауында мәдени код, эволюциялық даму, АЭС байланысты 6-қазанда өтетін жалпы халықтың референдум, әлеуметтік әмиян, қарызсыз қоғам, мектеп оқушыларына түсіндірілетін қаржылық сауаттылыққа байланысты ауқымды ой-пікірлерін ортаға салды.

Біз республика Президенті Қ. К. Тоқаевтың сындарлы саясатының арқасында табысты еңбек етіп, үлгілі ұрпақ тәрбиелеп, бейбіт аспан астында өмір сүруді қалаймыз. Сондықтан Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауын еліміздің Ұлттық кітапханасының ұжымы да асыға күткен едік.

Халықты, әсіресе әлеуметтік қамқорлық мәселелері толғандыратыны белгілі.

Осы орайда соңғы жылдары жұртшылық күткен бірқатар шаралардың жүзеге асқанын көріп, біліп отырмыз.

Мемлекеттің халық тілегіне құлақ қойып, қамқорлық жасауын менің әріптестерім де өзбасымыздан сезініп отырмыз.

Сонымен қатар еліміздің жаңа экономикалық саясаты және заң мен тәртіп қуатын нығайту жоспарларын толық қолдаймыз.

Халыққа медициналық қызмет көрсету саласын цифрлы орталықтандыру мен көлік инфроқұрылымы саласын барынша ашықтандыру бастамалары ел көңілінен шықты.

Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін ауқымды жұмыстардың атқарылғаны әбден құптарлық. Көктемде ел басына апат болып келген қарғын суды ауыл шаруашылық өкілдері орнымен пайдалана алуы атқарушы органдардың сауатты жұмысының көрінісі.

Энергия тапшылығы мәселесі белең алған уақытта атом электр станцияларын салу мәселесінің бүкілхалықтық референдумда шешілетіні биліктің ел мүддесін бәрінен де жоғары қойып отырғанының бір ғана дәлелі.

Президентіміздің дәстүрлі жолдауында алға қойылған міндеттерді орындау мемлекетіміздің жан-жақты дамуына жол ашып, тәуелсіздігімізді нығайта түседі. Адамның қауіпсіздігі мен қажеттілігі басты назарда болатыны ертеңгі күнге зор үміт арттырады.

 

Бақытжамал Оспанова,

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры,

Қазақстандық Кітапханалық одақтың төрағасы

послание 1   послание 2   послание 3   послание 4