+7 (727) 267-28-83

04 гл

2024 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ана тілінің абызы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Рәбиға Сыздықтың қазақ филологиясына қосқан үлесін дәріптеу және ұлықтау мақсатында ғылыми қоғамды, оның шәкірттері мен ізбасарларын жинау, сондай-ақ ғалымдардың кең ауқымына көрнекті ҚР ҰҒА академигінің ғылыми еңбектерін ұсыну.

Іс-шараның модераторы – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев.

Конференцияда ҚР ҰҒА президенті, акдемик Жұрынов Мұрат, Д.А.Қонаев атындағы Гуманитарлық Университеттің ректоры, профессор Жалаири Өмірәлі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан құттықтау сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия «Академик Рабиға Сыздық: тұлға жаратылысы және ұлттық сана»; филология ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Манкеева Жамал «Сөз әлеуетіндегі көркем әлемнің даму үдерісі»; ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Кәрімбек Құрманәлиев «Академик Р.Сыздық және емле мәселелері»; филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Смағұлова Гүлдархан «Академик Р.Сыздық тілдік норма туралы»; өлкетанушы ғалым Мырзабай Бекарыстан «Мақтанышы елінің»; филология ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Ермекова Тыныштық «Дегдар ділмар»; филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры Жұбай Орынай «Академик Рабиға Сыздықтың еңбектеріндегі алаштану мәселесі» атты тақырыптарда баяндама жасады.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Р. Сыздықтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған «Ана тілінің абызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

04 1   04 2   04 3
04 4   04 6   04 5