2024 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында “Н.К. Рерих. Мир через Культуру” атты стендтік және безендірілген кітап көрмесі ашылды.
Көрме шебердің 150 жылдығын және Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында өткізіліп отыр.
⠀
Рерих Николай Константинович (09.10.1874 – 13.12.1947) – суретші, ғалым, саяхатшы, жазушы, қоғам және мәдениет қайраткері, ойшыл. Ол 7000-нан астам картиналар жасады. Соборлар мен шіркеулер сияқты (кескіндеме, мозаика) монументалды-декоративті жұмыстардың, 20-дан астам театр қойылымдарына арналған декорациялар мен костюм эскиздерінің авторы, соның ішінде Сергей Диагилевпен бірлесіп, «Русские сезоны»-да. Публицистикалық және философиялық мазмұндағы ондаған кітаптың, мақалалардың, очерктердің, эсселердің авторы.
⠀
Көрменің мақсаты – қазақстандық жұртшылықты профессор Н.К. Рерихтің көпқырлы мәдени, шығармашылық және ғылыми қызметімен таныстыру.
⠀
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы құттықтау сөзбен ашты.
⠀
Н.К.Рерих атындағы (Алматы қ.) Мәдени орталықтың төрағасы Людмила Ивановна Глущенко сөз сөйлеп, Ұлттық кітапхана қорына Н.К. Рерихтің еңбектері мен шығармашылығына арналған зерттеулерін сыйға тартты.
⠀
Сондай-ақ, шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Қайназарова; Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының аға ғылыми қызметкері Баженова Наталья Александровна сөз сөйледі.
⠀
Аталмыш көрмені 24 қыркүйекке дейін Ұлттық кітапханадан тамашалай аласыздар.