13 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының «Жас қалам» әдеби клубының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Поэзия аллеясында (Жетісу ауданы) «Жапырақтар соқпай қалған жүректей» атты поэзиялық кеш өтті.
Кешке Алматы қаласы № 69 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысып, қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.
Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры, Халықараралық Түрксой ұйымы Бас хатшысының кеңесшісі Мұратхан Шоқан жүргізді.