+7 (727) 267-28-83

индия гл

2024 жылғы 13 қыркүйекте Үндістан кітап бұрышы жұмысының форматында Алматы қаласындағы Үндістан елшілігінің Өкілдік кеңсесі мен Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Үлкен залында «Folk Colors of India» («Үндістанның халық түстері») үнді фольклорлық би ұжымының  концерті өтті.                                                                                                      

Би ұжымы халықтық би бағдарламасын ұсынды. Музыка мен би үнді мәдениеті мен дәстүрінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ұжым қатысушылары көрермендерге өз шеберліктерін, би дәстүрлерін, жарқын костюмдері мен халық музыкасын көрсетті. Бұл ұжым 2024 жылғы 7-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен беделді НОМАД ойындарына қатысты.                                                                                                                             

Мерекелік концертке қатысқандар: Алматы қаласындағы Үндістан елшілігінің Өкілдік кеңсесінің консулы Котхаваде Свапнил Шарад мырза; ҚР-дағы Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы Үндістан мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырза; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Индология бөлімі Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары; студенттер, оқырмандар және кітапхана қонақтары.

индия 1   индия 5   индия 3
индия 6   индия 2   индия 4