2024 жылғы 13 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханашылары Манасова Гүлмира Сарманқызы және Тілеуқабыл Айғаным Айханқызы «Мажарстан исламдық сәулетөнерінің мұрасы» атты фотокөрменің ашылуына қатысты.
Көрме ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ұйымдастырылып, Мажарстанның сәулет ескерткіштеріне арналды.
Фотокөрмені ҚР Мемлекеттік орталық музейімен Қазақстандағы Мажарстан Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырды.
Фотокөрменің мақсаты - келушілерді Мажарстанның 5 қаласы, Пеш, Сигетвар, Эгер, Шиклош және Будапештте орналасқан Мажарстанның аса маңызды исламдық сәулет ескерткіштерімен - мешіттермен, мұнаралармен және монша-хамамдармен таныстыру.
Бұл ескерткіштер Мажарстан тарихының 150 жылдық Осман кезеңін бейнелейді.
ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының директоры Харипова Рашида Ерімқызы құттықтау сөз сөйледі, сонымен қатар Алматы қаласындағы Мажарстан Бас консулдығы миссиясы басшысының орынбасары Петер Шиклош мырза; Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Муддеррисоглу мырза сөз сөйледі.
Көрмеде үш тілде қысқаша сипатталған 28 картиналар мен фотосуреттер ұсынылды.
![]() |
![]() |
![]() |