2024 жылғы 3 қазанда Қазақстан архившілерінің II халықаралық конгресінің аясында ЮНЕСКО-ның «Әлем жадысы» бағдарламасы аясында «Қазақстанның құжаттық мұрасын сақтау және тарату» семинары өтті.
Семинар ЮНЕСКО-ның «Әлем жадысы» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды жандандыру бастамасының бір бөлігі болып табылады және халықаралық және аймақтық тәжірибемен танысу, халықаралық тізілімге жаңа номинацияларды дайындау бойынша пікір алмасу үшін диалог алаңы ретінде қызмет етуге арналған, сондай-ақ ЮНЕСКО сарапшылары мен мұрағат мекемелерінің, кітапханалар мен мұражайлардың мамандары арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесу.
Семинардың мақсаты: Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мұрағат мекемелерінің, кітапханалары мен мұражайларының өкілдері арасында «Әлем жады» бағдарламасының құжаттық мұраны сақтаудағы рөлі және номинацияларды дайындау процесінің ерекшеліктері туралы ақпараттандыруды арттыру.
Семинар спикерлері:
ЮНЕСКО-ның Байланыс және ақпарат секторының құжаттық мұра бөлімінің басшысы ФАКСОН Банда; Халықаралық архившілер кеңесінің архившілер форумының Президенті, Суринам Республикасы Ұлттық архивінің директоры, «Әлем жады» бағдарламасының Халықаралық консультативтік комитетінің мүшесі ТЬЕН ФУ Рита; Орталық Азия университеті Жоғары даму мектебінің Азаматтық қоғам бастамасының директоры, «Әлем жады» бағдарламасы тізілімі подкомитетінің мүшесі ҚОЖОБЕКОВА Айжарқын.
Семинарға ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар Хамитовна және Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Абикова Гульшат Масалимовна қатысты.