+7 (727) 267-28-83

Фараб гл

2024 жылғы 10 - 11 қазанда «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» (ҚКО) заңды тұлғалар бірлестігінің жыл сайынғы жылжымалы жұмыс отырысын Түркістан қаласындағы Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өтуде.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» (ҚКО) ЗТБ; ҚР Ұлттық кітапханасы.

Мақсаты - Қазақстанның кітапхана ісін дамытудың заманауи бағыты, ортақ мүдделерін қорғау, Қазақстан кітапханаларын әлемдік қоғамдастыққа бірігу мүддесінде жұмылдыру, кітапханалар жұмысын жаңғырту және оңтайландыру үшін кәсіби мамандардың күш-жігерін біріктіру.

Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқармасы және Түркістан облысы Мәдениет басқармасының, «Қазақстан IDLOGIC» ЖШС-тің басшылары; 18 облыстық көпшілік және 3 республикалық кітапхананың, 3 қалалық республикалық маңызы бар Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаларының, балалар және жасөспірімдер кітапханаларының директорлары мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығының басшылары қатысты.

Шараны модератор - ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атқарушы директоры Юсупова Ажар Хамитқызы жүргізді.

Пленарлық отырыста ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басқарма басшысы Мырзахмет Алмаз Әмірбекұлы - Мәдениет, білім, және ғылым жүйесі кітапханаларының қорларын жаңарту және толықтыру мәселелері бойынша; 2025 жылы ҚР жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының бастамасымен Қазақстанда 89-шы IFIA-ның өтуіне байланысты А.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Кітапханалық - ақпараттық орталық директоры, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының төрағасы Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Лапо Петр Михайлович - IFLA-ның Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық Конгресін ұйымдастыру және өткізу мәселелерінің дайындық жұмыстары туралы; «IDLOGIC Казахстан» ЖШС-тің коммерциялық директоры Бекеева Камила Камалқызы - Қазақстан Республикасындағы кітапханалық жүйесінің RFID интеграция шешімі тақырыбында; Алматы қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлы - Жаңа Қазақстан кітапханаларын дамытудың заманауи бағыты: Алматы кітапханаларының тәжірибесі туралы; ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы - Қазақстандық Кітапханалық Одақ» ЗТБ-ның 2019-2024 жж. аралығындағы қызметі бойынша; Қазақстандық Қазақстандық Кітапханалық Одақ есепшісі Казкенова Дәмет Байзаққызы - Кітапханалық Одақтың қаржылық есебі; Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атқарушы директоры Юсупова Ажар Хамитқызы «ҚКО-ның Атқарушы алқалық басқару органдар құрылымын қайта қарау және бекіту туралы; ҚР Ұлттық кітапханасының сыртқы байланыстар және имидждік жұмыстар қызметінің маманы Дүйсебаева Дариха Төребайқызы - Кәсіби мерзімді басылымдарды шығару ерекшеліктеріне байланысты жалпы шешімдерді әзірлеу бойынша мәселелерге тоқталды.

Жиын аясында ҚКО кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен ҚКО-ның Атқарушы алқалық басқару органдар құрылымы қайта сайланып, бекітілді:

Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы - Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы;

Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасырың орынбасары, арнаулы кітапханалардың модульдік құрылымының жетекшісі - Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы;

Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атқарушы директоры - Юсупова Ажар Хамитқызы;

Қазақстандық Кітапханалық Одақтың хатшысы - Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы;

Қазақстандық Кітапханалық Одақтың есепшісі - Қазкенова Дәмет Байзаққызы;

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының төрағасы Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы Қазақстандық Кітапханалық Одақ құрамына кіру туралы келісімге қол қойды.

Қазақстандық Кітапханалық Одақ шешімімен Алматы қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлы “Жыл кітапханашысы - 2024” номинациясының иегері атанды.

Шара соңында “Түркістан облысының киелі тарихи және жаңа мәдени нысандарының жол картасы” кітапшасының тұсаукесері жасалды.

Фараб 1   Фараб 4   Фараб 2   Фараб 3
Фараб 8   Фараб 6   Фараб 7   Фараб 5