11 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасы мамандарының қатысуымен Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кезекті секциялық жұмыс отырысы тақырыптық семинармен жалғасты.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ. Оспанова мен Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстар қызметінің жетекшісі А.Н. Нұрсейітова «Директорлардың диалог алаңы: өзекті мәселелерді талдау және тәжірибе алмасу»; Компьютерлік және желілік қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі И.Е. Сапарғалиев, Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Ж.А. Тоқтарова мен кітапханашы А.Л. Макарам «Анықтамалық-ақпараттық жұмыстың ерекшеліктері және Web-RABIS-тің мүмкіндіктері мәселелері»; Жастар кеңесінің төрағасы Е.С. Кабдрашидов пен Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы А.Қ. Алқамбай «ALTERNATIVE Кітапхана: жастардың бағыты мен қадамы» тақырыптары; директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атқарушы директоры А.Х. Юсупова, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың хатшысы Г.А. Маханбетова, топ жетекшісі Г.А. Ауғанбаева кітапхана көрсеткіштері есебінің жаңартылған талаптары бойынша семинар сабақтарын өткізді.
Директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атқарушы директоры А.Х. Юсупова, ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі, Қазақстандық Кітапханалық Одақ хатшысы Г.А. Маханбетова мен топ жетекшісі Г.А. Ауғанбаева өткізген кітапхана көрсеткіштері есебінің жаңартылған талаптары бойынша секцияға 50-ге жуық облыстық, қалалық, аудандық кітапханалары директорларының орынбасарлары, әдіскерлері мен мамандары қатысты. Секцияда ҚР мәдени саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Мәдениет мекемелерінің қызметі туралы статистикалық есептің «Кітапхана 1» формасы, «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуындағы жаңартылған кестелердің толтыру жолдары талқыланып, әдістемелік кеңестер мен көкейтесті сұрақтарға жауап берілді.
Шара соңында «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» (ҚКО) заңды тұлғалар бірлестігінің жыл сайынғы көшпелі жұмыс отырысы қорытындыланды.