2024 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Б. және ғылыми хатшысы Дюсибаева Д.Т. «Возрождение читающей нации» атты VI халықаралық білім мәдениетін қолдау конференциясына қатысты.
Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығының Түрксой Жазушылар одағы серіктестігімен және М. О. Әуезов ат. әдебиет және өнер институтымен ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – әлемдік мәдениеттердің диалогы мен жақындасуы арқылы ұлттық әдебиеттердің даму факторларын, бұл процестердің ХХІ ғасырдағы оқырман ұлттың жандануына әсерін және бүкіл әлемде осы процесті бөгейтін нақты факторларға қарсы тұруды зерттеу.
Конференцияға ЮНЕСКО (Қазақстан, Алматы) қамқорлығымен Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, ақын Сүлейменов Олжас Омарұлы, Халықаралық Түркі академиясының Вице-президенті Кесікбаев Асхат Асылханұлы,Құрметті профессор, Францияның Академииялық Пальмалар орденінің кавалері, ҚР Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, тарихшы Альбер Фишлер (Франция, Фонтенбло), философия ғылымдарының докторы, Әзірбайжанның халық жазушысы, Елші Ахундова Эльмира, ТҮРКСОЙ материалдық және материалдық емес мәдени мұра комитетінің төрағасы Кахраман Мұрат (Түркия, Анкара), Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Аймақтық бюросының директоры Пирич Амир, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі К. С. Матыжанов, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұ.Есдәулет, сондай-ақ белгілі жазушылар, ақындар, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция ғалымдары, әдебиеттанушылар қатысты.
Кіріспе сөзде Олжас Сүлейменов барлық халықтар үшін оқуды жандандырудың маңыздылығын атап өтіп Қазақстанның Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев туралы естеліктерімен бөлісті. Конференцияға қатысушыларға кітап пен оқуды ілгерілетуге қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Құттықтау сөз барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова кітапхана оқырмандарының 80% – ы жастар екендігіне баса назар аударып, олардың оқуға деген жан-жақты қызығушылығы туралы және жастардың тек оқу әдебиеттерін, білімнің әртүрлі салаларын ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиетті де оқитынын тілге тиек етті.
Конференцияда отызға жуық баяндама жасалды. Барлық спикерлер О.Сүлейменовтің шығармашылығының әртүрлі елдердің ұлттық әдебиеттерінің дамуына, оның қоғамдық қызметіне әсерін атап өтті. Спикерлер оқитын ұлтты жаңғыртудың маңыздылығы туралы, отбасылық оқудың маңыздылығы туралы айтып, өз елдеріндегі оқудың қазіргі жағдайының мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |