Қызмет басшысы:
Әлімқұлова Жазира Нұрсұлтанқызы
Байланыс телефоны: +7 727 267 28 64
е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Негізгі бағыттары:
- халықаралық және басқа да кітапханалық байланыстарды дамыту;
- ҚР Ұлттық кітапханасының оң имиджін қалыптастыру;
- халықаралық кәсіби форумдар жұмысын ұйымдастыру және қатысу;
- қоғамдық, мемлекеттік және басқа да ұйымдармен серіктестік байланыстар орнату;
- шетелдік іссапарларды ұйымдастыру;
- баспасөз қызметінің жұмысын жүзеге асыру: кітапхананың оң имиджін қалыптастыру үшін БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кітапханалық іс-шаралар туралы жарияланымдар, мақалалар жариялау.
Негізгі функциялары:
- халықаралық, үкіметтік, қоғамдық, кәсіби, коммерциялық ұйымдармен және дипломатиялық өкілдіктермен бірлескен жобаларды әзірлеу және іске асыру;
- әлемнің ұлттық және жетекші кітапханаларымен, басқа да шетелдік және қазақстандық мекемелермен және ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту;
- шетелдік іссапарларды дайындау және қамтамасыз ету;
- Ұлттық кітапхананың халықаралық іс-шараларға қатысуы бойынша жұмыстар жүргізу;
- сыртқы байланыстар мәселелері бойынша Ұлттық кітапхана қызметтерімен үйлестіру қызметін жүзеге асыру
- БАҚ сұраулары бойынша ақпараттық-талдау материалдарын тарату, баспасөз конференцияларын ұйымдастыру, баспасөз релиздерін тарату, фотоматериалдарды орналастыру, әлеуметтік желілерді ақпараттық қамтамасыз ету, жаңалықтар лентасын жүргізу;
-аудармашылық қызметі.
Сыртқы байланыстар және имидждік жұмыстар қызметі 2019 жылы құрылды. Қызметтің міндеті – кітапхананың барлық сыртқы байланыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету, кітапхананың Халықаралық кітапханалық-ақпараттық кеңістікке кірігуін кеңейту және тереңдету, жағымды имидж қалыптастыру, қоғамдық пікірді нығайту, жұртшылықпен байланыс орнату және кітапхананың қоғамдық үдерістерге әсерін кеңейту. Қызмет құрылымында баспасөз қызметі жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы бүкіл әлем бойынша серіктестермен - шетелдік ұлттық кітапханалармен, сондай-ақ мәдениет, ғылым және білім беру мекемелері және ұйымдарымен ынтымақтасады