+7 (727) 267-28-83

90

2024 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы және кітапхана мамандары Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Еуразия Жазушылар одағының президенті Уфук Тузман қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Жазушылар Одағының 90 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатын оқыды.

Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Қойчиев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың құттықтауын жеткізді.

Салтанатты шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген жазушылар, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар қатысты. Олар: Түркия Жазушылар одағының Төрағасы Муса Казым Арыжан; Қытай Халық Республикасы Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстанның құрметті жазушысы Акбар Мажит; Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаев; Әзербайжан Жазушылар одағының хатшысы Рашад Мажитов; Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мажид Гайрат, Өзбекстанның Халық жазушысы Усманкул Азимов, Швед жазушысы, әдебиет зерттеушісі Павел Фриест, Қырғыз Республикасы Ұлттық Жазушылар одағының төрағасы Қаныбек Иманалиев, Қырғызстанның Ел жазушысы, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Қойчиев, Ресей жазушысы Андрей Рейзвых, Татарстан Жазушылар одағының төрағасы Зайдуллин Ркаил, Башқұртстан Жазушылар одағының төрағасы Айгиз Баймухамедов, Якутия Жазушылар одағының төрағасы, «Чолбон» журналының бас редакторы Гаврил Андросов, Чуваш Республикасы Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Василий Захаров, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлік өкілдер де қатысты.

ҚР Ұлттық кітапханасы 2024 жылы мемлекеттік тапсырыс және стратегиялық әріптестік «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамысы» жобалары аясында жарық көрген кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

90 1   90 2   90 3   90 4
90 5   90 6   90 7   90 8