+7 (727) 267-28-83

70

2024 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми әдістемелік қызметінің топ жетекшісі Ауғанбаева Гүлназ Таңбалықызы Шымкент қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 70 жылдығына арналған «Жетістікке жетелеген 70 жыл» атты мерекелік іс-шараға қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Ұлы Абай мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа кітап оқу арқылы білім мен ғылым кеңістігіне жол ашу, кітап мәдениетін көтеруге бағытталған іс-шаралар арқылы кітаптың маңызын, оның қоғам дамуында алатын рөлі мен орнын айқындау

Шараның салтанатты ашылуында Шымкент қаласы әкімінің атынан әкімнің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек құттықтау хат табыстап, «Жетістікке жетелеген 70 жыл» кітабының тұсаукесеріне қатысты.

Шымкент қаласы Мәслихатының төрағасы Альбина Балғабайқызы Елшиева құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанованың атынан Г.Т. Ауғанбаева құттықтау хат табыстап, кітапхана ісінің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді «Кітапхана ісінің ардагері», «Кітапхана ісінің үздігі», «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен және Алғыс хаттар және Құрмет грамоталарымен марапаттады. ҚР Ұлттық кітапханасынан Шымкен қаласы ОКЖ-нің қорына кітаптар сыйға тартты.

Мерекелік іс-шара аясында қонақтарға «Таңдаулы туындылар төрімізде» акциясы, «Абай ауылы» фотоаймағында «Ұлы даланың Ұлы Абайы», «Шырайлы Шымқала» атты кітап көрмесімен таныстырылып, ОКЖ тарихы туралы «Руханиятқа риясыз қызмет» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. «Абай әлемі» жобасының лауреаттары Абай шығармаларынан үзінді оқу және композициялық қойылым ұсынды.

70 1   70 2   70 3
70 4   70 5   70 6