Қазақстан кітапханалары – 2023 жыл. Мәліметтер мен сандар = Библиотеки Казахстана – 2023 год. Факты и цифры : Ақпараттық-сараптамалық шолу / ҚР Ұлттық кітапханасы ; бас редактор Б.Қ. Оспанова ; бас редактордың орынбасары А.Х. Юсупова ; ред. алқа : Г.А. Маханбетова ; А.Н. Шүленбаева ; құрастырушылар : Г.А. Маханбетова, Г.Т. Ауғанбаева, С.З. Аханова және т.б. – Алматы : ҚР Ұлттық кітапханасы, 2024. - 86 бет.
«Қазақстан кітапханалары-2023 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуы Қазақстан Республикасы кітапханаларының статистикалық салыстырмалы деректері мен әлеуметтік зерттеулерін қамтиды.
Шолудың бірінші бөлімінде республиканың сегіз жүйесі мен ведомстволары кітапханаларының цифрлық көрсеткіштерін қамтитын Қазақстан кітапханалары туралы толық емес статистикалық мәліметтер ұсынылған.
Шолудың екінші бөлімінде көпшілік кітапханалар туралы: кітапхана желісінің сипаттамасы, кітапхана қорлары туралы, қорларды толықтыру, кітап берілімі, пайдаланушылар, келім саны, ақпараттық технологиялар, материалдық-техникалық базалар, кадрлар, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызмет және т.б. материалдар ұсынылды.
«Қазақстан кітапханалары-2023 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуы зерттеу жұмысында және педагогикалық процесте қолданылуы мүмкін. Шолу кітапхана қызметкерлерін, оқытушылар құрамына, «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне және колледж оқушыларына, Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің жағдайына барша қызығушылық танытқандарға арналған.
Қазақстан Республикасының кітапхана ісіне байланысты нормативтік-құқықтық құжаттар жинағы = Сборник нормативно-правовых документов по библиотечному делу Республики Казахстан / 18 – шығарылым, 1-бөлім / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған : Р.К. Мыспаева ; редактор : Г.М. Маханбетова ; жауапты редактор : А.Х. Юсупова. - Алматы, 2024. - 464 бет.
Қазақстан Республикасының кітапхана ісіне байланысты нормативтік-құқықтық жинағына Қазақстан Республикасында кітапхана ісі мен мәдениет мәселелеріне байланысты қабылданған заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер алынды.
Жинаққа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасының заңдары, олардан үзінділер, Қазақстан Республикасы заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бұйрықтары берілген.
Жинақ кітапханалық-ақпараттық сала мамандарына, мәдениеттанушы ғалымдарға, басқару органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ, «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған.