+7 (727) 267-28-83

1812

2024 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ел жанашыры Динара Бердімұраттың құрастыруымен жарыққа шыққан «300 қайраткер» атты энциоклопедияның тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл энциоклопедияда Тәуелсіздік алған күннен бүгінгі күнге дейінгі егемен Қазақстанның қалыптасуына және дамуына зор үлес қосқан еліміздің белгілі тұлғаларының ғұмырнамалық келбеті топтасты.

Елім деген азаматтардың қоғамды алдыға қозғап, мемлекетіміздің нығаюы жолында жасаған еңбектері нақты деректермен көрсетілген.

Еліміздің әрбір жетістігінің астарында алуан-түрлі тағдырлар бар екені ескеріліп, келешекте ұлағат боларлық қайраткерлік болмыстары сипатталады.

Іс-шарада Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Халбеков Арман Бейсенбайұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Ардагерлер қауымдастығының мүшесі, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері Құйқабаев Дидар Әскербекұлы, ел жанашыры, меценат, қоғам қайраткері Асанова Зәмзәгүл Ермекқызы құттықтау сөз сөйлеп, аталған энциоклопедияның маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегіңде энциклопедияның құрастырушысы, Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Динара Бердімұрат қатысушыларға өз алғысын жеткізді.

Қатысушылар: қоғам белсенділері, ел жанашырлары, елімізге белгілі тұлғалар және т.б.

1812 3   1812 4   1812 5   1812 2
1812_1.jpg   1812 8   1812 7   1812 6