2024 жылғы 19 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Иманбаева Лидия Хамитқызы өзінің «Теориялық механика және роботтық техниканың элементтері», «Теоретическая механика и элементы робототехники» атты орыс және қазақ тілінде шыққан оқулықтарының бірнеше данасын сыйға тартты.
Өте тез дамып келе жатқан жаңа сала - роботтық техника – теориялық механика мен кибернетиканың заңдарына негізделген. Осыған байланысты заман талабына сай медицинада және де басқа да өндірістің салаларында роботтық техникаларды пайдаланады. Оқырманға жол тартқан бұл оқулықтар теориялық механика мен роботтық техниканың мәселелерімен айналысатын оқытушылар, студенттер мен ізденушілерге таптырмайтын құрал болары сөзсіз.