+7 (727) 267-28-83

300ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері, кітапхана саласының майталманы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызының есімі ел жанашыры Динара Бердімұраттың құрастыруымен жарыққа шыққан «300 қайраткер» атты энциоклопедиясына енді.

Энциоклопедияда Тәуелсіздік алған күннен бүгінгі күнгедейінгі егемен Қазақстанның қалыптасуына және дамуына зор үлес қосқан еліміздің белгілі тұлғаларының ғұмырнамалық келбеті топтасқан. Елім деген азаматтардың қоғамды алдыға қозғап, мемлекетіміздің нығаюы жолында жасаған еңбектері нақты деректермен көрсетілген.

Бақытжамал Қайырбекқызы 40 жылдан астам уақыт бойыкітапхана саласында еңбек етіп келеді. Қатардағы кітапханашы болып басталған еңбек жолында үлкен жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда еліміздің бай қоры бар, тарихы терең, ұлттың ұлы құндылықтарын сақтаған Ұлттық кітапхананың басшысы ретінде еліміздің кітапхана ісінің және Ұлттық кітапхананың үздіксіз дамуына, ұлттық кітапханалық қорды толықтыруға және оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, сондай-ақ, кітапханашы мамандығының беделін көтеруге, әріптестік іскерлік байланыс орнатуға үлес қосуда. Сонымен қатар, ұлт қайраткерлерін дәріптеу және олардың бай шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында көптеген ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда.

300 1   300 2