20 желтоқсанда дипломатиялық миссияның аяқталуына байланысты Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани мырза ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Қ. Оспановамен кездесті.
Кездесуге Иран Бас консулдығының мәдени атташесі, Алматыдағы Иран мәдени орталығының директоры Хосейн Ағазаде де қатысты.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бас консулдың Алматыда болған жылдардағы екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жөніндегі нәтижелі жұмысын атап өтті.
Әсіресе, Иран кітап бұрышының ел мәдениеті мен әдебиетін насихаттау жөніндегі жұмысына айрықша тоқталды.
Өз кезегінде Бас консул Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына көрсетілген қонақжайлылықпен мен ынтымақтастық үшін алғысын және алдағы уақытта да екі ел арасындағы бірлескен қызметтің жемісті боларына сенім білдірді.
Кездесу соңында Б. Қ. Оспанова Мохсен Фағани мырзаға алдағы қызметіне табыс тіледі.
![]() |
![]() |