+7 (727) 267-28-83

иран

16 қаңтар Н.Дәулетова атындағы залда Иран кітап бұрышының қызметі аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Парсы тілі кабинетінің» меңгерушісі, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, PhD, Ираннан көшіп келген белгілі шығыстанушы-аудармашы Нияз Тобыштың «Иран қазақтары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Нияз Тобыш 1957 жылы Иран Ислам Республикасының Гонбед Каус қаласында дүниеге келген. 1975-1979 жылдары Тегеран университетінде оқып, ағылшын тілі факультетін бітірді. Маңғыстауға 1995 жылы көшіп келген. Шығыс әдебиетінің ең танымал шығармаларының бірі «Тотынама» (2005)  кітабын ежелгі түркі тілінен (шағатай тілінен), «Англо-казахского словаря для вузов» (2006), «Англо - казахской грамматики» (2007) кітаптарының авторы Әбіш Қожаның қолжазбасынан (2005) аударған. Автор парсы тілінен Мұхаммед ибн Наджиб Бекранның ортағасырлық «Джахан-Нама» тарихи кітабын қазақ және ағылшын тілдеріне аударды.

Шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері, Қазақ радиосының ардагер-дикторы Аманжан Еркебайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараның модераторы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, шығыстанушы Ислам Жеменей болды.

Шығарманың авторы Нияз Тобыш өз сөзінде сегіз бөлімнен тұратын және Ирандағы қазақтардың тарихы мен өмір салтына, кәсібіне және өмірінің әртүрлі аспектілеріне (Горган, Гонбад-Кавус және Бандар-Түрікменде тұратын) арналған «Иран қазақтары» атты кітабы туралы баяндады.

Тұсаукесерге қатысқандар: Иран Бас консулдығының мәдени атташесі, Алматы қаласындағы Иран мәдени орталығының директоры Ағазаде Хоссейн мырза; Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төреәлі Қыдыр; Ш.Уәлиханов атындағы тарих институты директорының сыртқы байланыстар бойынша орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Жеңіс Жомарт; әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев; Оңтүстік Азия және Таяу Шығыс елдері кафедрасының оқытушысы, PhD, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің профессоры Батырхан Болатбек; шығыстанушы-парсы тілінің аудармашысы Гаухар Омарханова және т.б.

Сонымен қатар, шараға БАҚ өкілдері: «Абай ТВ» «Ult.kz» және «Қазақ әдебиеті» газеті қатысты.

иран 1   иран 2   иран 3   иран 4
иран 5   иран 6   иран 7   иран 8