+7 (727) 267-28-83

Чехов

ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті залында «Әлем әдебиетінің классигі Антон Павлович Чеховқа - 165 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Орыс жазушысы, прозашы, драматург, публицист Антон Павлович Чехов 1860 жылы 29 (17)   қаңтарда Таганрог қаласында дүниеге келген.

Антон Павлович - жарқын, есте қаларлық образдарды жасаушы, психолог, әзіл мен лириканы ерекше үйлестіретін құпия сөз шебері. Жазушының әлемдегі барлық оқырмандарының сүйікті прозалық және драмалық еңбектерін қамтитын шығармашылық мұрасы ХХ ғасырдағы әдебиет пен театр өнерінің дамуына үлкен әсер етті. 26 жылғы шығармашылық жолында Антон Павлович Чехов 900-ге жуық түрлі туындылар жасады. Бұл қысқа әзіл-сықақ және байыпты әңгімелер, пьесалар. Олардың көпшілігі әлемдік әдебиеттің классикасына айналып, әлемнің 100-ден астам тіліне аударылды.

А.П. Чеховтың әңгімелері алғаш рет 1884 жылы жарық көрді. Сол кезеңдегі жазушының шығармашылығына Л.Толстойдың шығармалары айтарлықтай әсер етті. «В ссылке», «Остров Сахалин», «Палата №6» атты шығармалары оның Сахалинге сапары туралы әсерін баяндайды. Онда жазушы жер аударылғандардың өмірін зерттеген.

Жазушының ең көрнекті шығармалары - «Три сестры», «Вишневый сад», «Дядя Ваня», «Чайка». Қазіргі таңда оның пьесалары тек Ресейде ғана емес, сонымен қатар шет елдерге де қойылып, экранға шығуда.

Антон Павлович Чехов мәтіндері кең экранға жиі бейімделетін авторлардың қатарына кіреді. 2010 жылы IMDb порталы (кинорежиссерлердің web-canr) оның шығармаларының 287 рет экранға шыққаны туралы хабарлады. Чеховтың «Роман с контрабасом» атты әңгімесі бойынша алғашқы ресейлік фильм экранға 1911 жылы, ал алғашқы шетелдік фильмі немісше «Лишние люди»  1926 жылы шықты.

Көрменің мақсаты - оқырмандарды Антон Павлович Чеховтың шығармашылығымен, ұлы жазушының шығармашылығын тереңірек түсінуге ықпал ететін замандастарының естеліктерімен таныстыру.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың шығармалары мен ол туралы жазылған әдебиеттер ұсынылды. Олардың ішінде: испан тіліндегі «Театр» (1948), итальян тіліндегі 8 томдық  «Собрание сочинений и писем» (1975-1976), румын тіліндегі «Собрание сочинений А.П.Чехова» (1956), сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, португал, қытай, серб, жапон, моңғол, урду, чех, неміс, бенгал, болгар және француз тілдеріндегі басылымдар (барлығы 100 дана).

Барлық ниет білдірушілерді кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!!!