ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті залы «Window on Korea» орталығында Нобель сыйлығының лауреаты Хан Ганға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оңтүстік кореялық жазушы Хан Ган 2024 жылы «тарихи жарақатқа қарсы тұрған және адам өмірінің нәзіктігін көрсететін қарқынды поэтикалық прозасы үшін» тұжырымдамасымен әдебиет бойынша Нобель сыйлығын иеленді.
Хан Ган Оңтүстік Кореядан шыққан алғашқы автор және Нобель сыйлығын алған 18-ші әйел болды. Бұл бірден үш жаһандық әдеби тенденцияны көрсетеді: Азия әдебиетіне назар аудару, өнердегі әйел мәселесі мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың көрінуі және ақындар прозасына деген сұраныс, яғни қорқынышты әрі алаңдататын және маңызды нәрселер туралы метафоралық тілмен сөйлей алу.
Нобель комитетінің төрағасы және Стокгольм университетінің әдебиет профессоры Андерс Олесон былай деп атап өтті: «Ханның осал, көбінесе әйелдер өміріне деген жанашырлығы оның метафоралық зарядталған прозасы арқылы айқын көрінуде. Оның тән мен жан, тірі мен өлі арасындағы байланыстар туралы ерекше түсінігі бар және тәжірибелік поэтикалық стилінің арқасында ол қазіргі прозада жаңашыл болды».
Бір қызығы, Хан Ган Нобель сыйлығына фаворит емес еді. Жеңіске үміткерлердің бірі жазушы Харуки Мураками болды. 53 жастағы Хан Ган өзінің шығармашылық жолын 1993 жылы «Литература и общество» журналында поэзиясын жариялаудан, ал прозалық дебюті 1995 жылы «Любовь каторжника» атты әңгімелер жинағымен басталды. Хан Ганға «Вегетерианка» романы дүниежүзілік танымалдылық алып келді және ол үшін 2016 жылы Халықаралық Букер сыйлығын алды.
Ханның шығармаларында көбінесе зорлық-зомбылық және жарақат тақырыптары қозғалады. Оның 2014 жылы шыққан «Человеческие поступки» романы 1980 жылы туған қаласы Кванджуда болған және демократияны жақтайтын наразылықтарды әскерилер аяусыз басып-жаншыған кезеңдегі қырғынды сипаттайды.
«Человеческие поступки» кітабы – бұл апаттың салдарын құжаттау тәсілі: өлі денені тасымалдау және оның күтімі мәселелерінен бастап, жоғалтудың ауыртпалығын және жылдар бойы ешқашан кетпейтін дәрменсіз ашуды басу әрекетіне дейінгі оқиғаларды көрсетеді. 2016 жылы шыққан «Белая книга» романында Варшавада өткен өлім мен соғыс сұмдықтарының оқиғалары басты орын алады.
ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көрмеге жазушының шығармашылығы туралы мерзімді басылымдар (мысалы, «Айқын» газеті, 2024-12 қазан, №114) және корей авторларының корей, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптары ұсынылған. (барлығы 47 дана).