+7 (727) 267-28-83

сыбайлас

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің оқу залында сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылыстың азаматтық-құқықтық аспектілеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жалпы мемлекеттік іс - Борьба с коррупцией -общегосударственное дело» атты тұрақты кітап көрмесі жаңартылды.

Кітап көрмесінің негізгі мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыру, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы көзқарастарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегияларын қолдану туралы білімді насихаттау.

Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан 70-тен астам басылым ұсынылды. Олардың қатарында: Қазақтың Ата заңдары, ҚР нормативтік-құқықтық актілері мен кітаптар (соның ішінде ғылыми жинақтар мен оқу-әдістемелік құралдар), республикалық және халықаралық конференциялардың материалдары, мамандандырылған журналдардың жарияланымдары бар.

Көрме жыл соңына дейін жалғасады.