+7 (727) 267-28-83

2201

2025 жылғы 22 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында қазақтың көрнекті суретшісі, Қазақстан Республикасы таэквондо Федерациясының тұңғыш президенті, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреты(1988), бірнеше Халықаралық және Республикалық сурет көрмелерінің жүлдегері, таэквондадан 5- ші дан қара белбеуінің иегері Бексейіт Түлкиевтің «Дүние жалған, өмір мәңгі» атты суретшінің туғанына 70 жыл толуына орай еске алу кеші және суреттерінің жеке көрмесі өтті.

Шараның модераторы –белгілі ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бегманов Қасымхан Сейітханұлы.

Кештің алғашқы сөзін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы сөйледі.

Сонымен қатар кеште Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің арнайы құттықтау сөзі оқылды.

Шара барысында Әйгілі журналистер, қаламгерлер Қайнар Олжай және Бауыржан Омарұлы осыдан 20 жыл бұрын «Хабар» арнасында дайындаған, «Алтын Қордан» алынған Бексейіт туралы деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Сондай-ақ, «Дүние жалған, өмір мәңгі» атты кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхана қорындағы туралы мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар мен кітаптар және Бексейіт Әбдезұлының қылқаламынан туған суреттерінің түпнұсқалары ұсынылды.

Еске алу кешінде Нұрлан Оразалин, Тұңғышбай Жаманқұлов, Жаңғара Дәдебаев, Ерболат Төлепбай, Дандай Ысқақұлы, Рақымғали Құл-Мұхаммед, Бигелді Ғабдуллин, Серік Асылбеков, Ермахан Шайхұлов, Нұрдаулет Ақыш, Төрегелді Тұяқбай, Алмасбек Мауленов, Мәншүк Мұқашқызы, Қанипаш Мәдібай, Гүлзия Пірәлі, Ләйлә Мұсалы, Бейсенбай Сүлейменов, Еркін Дуанаев, Сергей Азимов Бауыржан Жақып, Нағашыбек Қапалбекұлы, Жүсіпбек Қорғасбек, Бекен Ыбырайым, Ислам Жеменей, Қуандық Түменбай, Маралтай Райымбекұлы Қанат Әуесбайсынды тағы да басқа өнер және театр, мәдениет қайраткерлері қатысып әйгілі суретші, саңлақ спортшы Бексейіт Әбдезұлы туралы бағалы естеліктерімен бөлісті.

2201 1   2201 2   2201 3   2201 4
2201 6   2201 5   2201 7   2201 8