+7 (727) 267-28-83

тотемБүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Steppe&World» баспа үйі әйгілі Қытай жазушысы, философ Цзяң Жуңның (Jiang Rong, 姜戎) «Бөрі тотем» кітабының таныстырылымын өткізді.

Романды қытай тілінен аударған – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі – Айдар Абишев.

«Бөрі тотем» – өзіміздің түп тамырымыз бен табиғатқа құрметіміз туралы ой салатын, адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысты терең зерттейтін, философияға бай әдеби туынды. Автор көшпелі халықтардың мәдениеті мен олардың табиғатпен үйлесімді өмір сүргенінінің көрінісін сипаттау арқылы қазіргі заманның экологиялық мәселелерін көрсетеді.

Жиында ғалымдар, аудармашылар, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының қызметкерлері мен белгілі ақын-жазушылар өз пікірлерін білдіріп, «Бөрі тотем» кітабы қазақ оқырмандарына қытай мәдениеті, тарихы, қоғамы туралы терең түсінік беретінін, қытай мен қазақ халықтары арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайтуға да ықпал ететінін айтты.

Шараға шығыстанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, баспасөз қызметкерлері, оқырмандар қатысты.

тотем 1   тотем 2   тотем 3   тотем 4