Алматы қаласындағы Иран Мәдени орталығы ҚР Ұлттық кітапханасының Иран бұрышының қызметі аясында Ирандық Наурыздың ажырамас атрибуты – Һәфт-Син дастарханын ұйымдастырды.
Наурыз – ежелден Иран елінің басты мейрамдарының бірі болып табылады, өйткені бұл мереке ирандықтар үшін қуаныш, шаттық, бейбіт өмірмен байланысты.
“Жеті син” деген мағынаны білдіретін ол әрқайсысы “син” әрпінен басталатын жеті заттан тұрады:
- Сәбзе (өскін) - жаңаруды, өсуді және табиғаттың қайта жандануын бейнелейді.
- Сиб (алма) – денсаулық пен сулуықтың белгісі.
- Сир (сарымсақ) - емдік қасиеттері арқылы зұлымдықтан қорғауды символдайды.
- Сәмәну (сүмелек) - күшті, берекені және өмірдің тәттілігін білдіреді.
- Сенжед (жиде) - махаббатты, даналықты және өмірдің жемісті болуын бейнелейді.
- Сумақ (дәмдеуіш) - таңның атысын, күннің шығуын және жарықтың жеңісін символдайды.
- Серке (сірке) - шыдамдылықты, ұзақ өмірді және қиындықтарға төзімділікті білдіреді.