«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітаппен жарқын әлемге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері және басқа да жазушылардың шығармалары, ертегілер, поэзиялық жинақтар мен заманауи балалар әдебиетінің таңдаулы басылымдары, сонымен қатар, қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжанов пен белгілі жазушы, балалар әдебиетінің классигі Сапарғали Бегалиннің еңбектері ұсынылған. Көрме балалардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, оларды көркем шығармаларымен жақынырақ таныстыруға мүмкіндік береді.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды отандық балалар әдебиетінің үздік туындыларымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және әдебиет арқылы өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал ету.
Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар мен таңдаулы еңбектері ұсынылған.
Баршаңызды көрмеге шақырамыз!