+7 (727) 267-28-83

нағашыбекБүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлының 75 жасқа толуына орай, «Қаламгер, қайраткер – Нағашыбек Қапалбекұлы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Нағашыбек Қапалбекұлының шығармашылығын дәріптеу, болашақ ұрпақ жазушының еңбегімен танысып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған әдеби-сазды кеште ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрінің құттықтау хатын ҚР Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Нұрғалиева мерейтой иесіне тапсырды. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, қоғамдағы рөлі мен еңбегі, жалпы шығармашылығы, жазу стилі туралы ғалымдар, сыншылар, жазушылар өз пікірлерін білдіріп, ақындар арнау өлеңдерін оқыды.
Жиында Н.Қапалбекұлының «Күн бетінде сепкіл бар»атты повестер мен әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.
Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев бастаған әншілер тобы әдеби- сазды кеште керемет әндер орындады.
 
Мерекелік кеште кітапхана қорынан «Қаламгер, қайраткер – Нағашыбек Қапалбекұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының кітаптары, естеліктер, өз мұрағатынан алынған фотосуреттері қойылды.
 
Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері,Қазақстан Жазушылар одағы басқарма басшылығы, ақынның отбасы, ақын-жазушылар және өнер қайраткерлері, жазушының жерлестері, Ұлттық ұлан сарбаздары қатысты.

нағашыбек 1   нағашыбек 3   нағашыбек 4
нағашыбек 5   нағашыбек 2   нағашыбек 6