+7 (727) 267-28-83

2016 жылғы 26 мамырда Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы директорының бұйрығы бойынша Маркетологтар клубы ашылды. 

Клубты ашудағы негізгі мақсат – кәсіпкерлік дайындықты насихаттау және Алматы каласының маркетологтары мен клуб мүшелерінің маркетингтік өзара әрекеттестіктерін заманауи технологиялар саласында кәсіби арттыру, тәжірібе алмасу, қазақстандық бизнестен тәжірибелік мысалдарды талдау. 
Клуб Палатаның өз мамандарының және шақыртылған кәсіби тренерлердің, Алматы қаласындағы жетекші және сұранысқа ие маркетологтардың, тәжірибешілердің, ауқымды жобалармен айналысатын кәсіпкерлердің, Алматы қаласындағы ALMA University, KIMEP, UIB сияқты Бизнес-мектептер мен университеттер оқытушыларының қатысуымен пікірталас алаңы форматында жұмыс істейді. Отырыс 1 айда бір рет өткізіледі. 

Тел. 8701-602-18-18