2025 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Р.Бердіғалиева залында ақын, публицист Юрий Шестаковтың «Преданья Индии далекой» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Юрий Николаевич Шестаков Шымкент қаласында дүниеге келген. Ақын және публицист. Орта техникалық білім алған. «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент панорамасы» газеттерінің штаттан тыс тілшісі болып, республикалық баспасөзде мақалалары жарияланды. Танымал «Стихи.ру» сайтының авторларының бірі. Автор Шығыс тақырыбына көп көңіл бөледі. Көбінесе үнді мәдениеті мен дәстүрінің мұрасын руханилықтың қоймасы ретінде қарастырады. Ол бірнеше поэтикалық жинақтар шығарды: «Распахнутого сердца не жалея», «Йогарифмы души», «Ритм Любви», «Преданья Индии Далёкой», «О Боге, Гуру и себе».
Іс-шараның мақсаты: ақынның шығармашылығымен таныстыру.
Тұсаукесерде директордың орынбасары Ажар Хамитқызы Юсупова мен мәдениеттанушы Бердалы Оспан сөз сөйледі, сонымен қатар, ақынның өлеңдері оқылды..
Іс-шараға, туыстары мен жақындары, оқырмандар және басқалар қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |