Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жақұт жырдың жауһары» атты еске алу кеші өтті.
Қаламгердің шығармалары мен ел жадынан өшпейтін естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы, Түркі дүниесі Жазушылар одағының Төрағасы Ұ.Есдәулет және ақынның қызы Гаухар Шаңғытбаева, достары С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, Т.Айбергеновтердің ұл-қыздары естеліктер айтып, А.Бақтыгереева бастаған ақын-жазушылар Шаңғытбаевтың шығармашылығы туралы сөз сөйледі.
Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және отбасы мұрағатынан алынған фотокөрме ұйымдастырылды. Қуандық Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат» атты кітабын ақынның отбасы қонақтарға сыйға тартты.
Шараға зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар және студенттер, әскери бөлім сарбаздары қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
||||
![]() |
![]() |
![]() |