+7 (727) 267-28-83

Карашулы

«ҒҰМАРДЫҢ ҒҰЛАМА ҒҰМЫРЫ» Ғұмар Қарашұлының туғанына 150 жыл толуына арналған кітап көрмесі (1875-1921)

Кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің оқу залында көрнекті алаш қайраткері, діндар ақын, ойшыл, фольклортанушы Ғұмар Қарашұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ғұмардың ғұлама ғұмыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – оқырмандарға Ғұмар Қарашұлының бай шығармашылығы мен рухани мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ, ақынның көпшілікке беймәлім құнды еңбектерімен таныстыру.

Көрмеге араб жазуымен жазылған 10-ға жуық еңбегі, оның ішінде 4 кітабы мен 5 журнал мақаласының түпнұсқасы қойылды.

Атап айтқанда, Ғұмар Қарашұлының діни-философиялық көзқарастарын айқын көрсететін Орынбор қаласында жарық көрген «Ойға келген пікірлерім» (1910), Уфа қаласында басылып шыққан «Өрнек» (1911) және «Бала тұлпар» (1911) атты кітаптары ұсынылды. Сонымен қатар, «Шора» журналында жарияланған мақалаларын да көрмеден көре аласыздар.

Қадірлі оқырмандар!

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі сіздерді Ғұмар Қарашұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ғұмардың ғұлама ғұмыры» атты көрмеге шақырады.

Көрме 31 маусымға дейін жалғасады.