+7 (727) 267-28-83

   - «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы

   «Қазақстанның мәдени мұрасы» топтамасы 
   «Қазақстан кітаптары» бөліміндегі «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған кітап топтамасы ашық қорда орналасқан және 2 000-нан астам дананы қамтиды. Бұл тарих, филососфия, педагогика, саясаттану, сәулет, экономика, құқық, археология және Қазақстанның этнографиясы мен мәдениетіне арналған кітаптар, энциклопедиялық сөздіктер, қазақстандық жазушылар  мен  әлем әдебиеті классиктерінің қазақ тіліне аударылған көркем шығармалары. Солардың ішінде «Бабалар сөзі», «Қазақ әдебиетінің тарихы» «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы», сонымен қатар Европа, Америка, Австралия, Африка, Азия және т.б елдердің  алдыңғы қатарлы әдеби шығармашылығын қамтитын «Әлемдік мәдениеттанулық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра», «Әлемдік әдебиет кітапханасы» бар.
   Оқырмандарға басылымдар мен көркем шығармалар 36 кітап сериясы бойынша ұсынылған.