«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Қазақ КСР халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын С.М.Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері. Ол өз шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, ұлттық құндылықтарын, тарихи кезеңдерді көркем бейнелеп, артына мол мұра қалдырды.
Көрменің мақсаты – қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, сондай-ақ, қазақ әдебиетін жастар арасында кеңінен дәріптеу.
Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері, жазушы туралы естеліктері ұсынылған.
Кітап көрмесіне шақырамыз!