Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында КСРО және ЮНЕСКО Халықаралық журналистер ұйымының мүшесі, Республикалық, халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері, ардагер фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлының мерейлі 85 жасына орай, «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дәурен Мақсұтханұлы құрастырған «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты ғұмырнамалық кітаптың таныстырылымы өтті.
Шара аясында Қалиғұмар Қабдешұлының түсірген фототуындыларынан әзірленген көрме ұйымдастырылды. Жас ұрпаққа фотоөнердің қыр-сырын үйретіп, шығармашылық жұмыстарын насихаттау үшін өткен жиында ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаттары, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті, «Фотоөнер» республикалық бірлестігінің мүшелері, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессорлары, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының өкілдері, жерлестері, ақын-жазушылар күллі қазаққа ортақ тұлға, фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлының туындыларына тоқталып, өмірінің маңызды сәттерінен алғынған естеліктерімен бөлісті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, фотожурналистің отбасы, ақын-жазушылар және өнер қайраткерлері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |