+7 (727) 267-28-83

семинар

2025 жылғы 11 сәуірде  ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, кітапханалық-ақпараттық ресурстар магистрі Д.Т. Дюсибаева және Ұлттық библиография қызметінің кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты А.Л. Кривков «Память и наследие: роль библиотек в сохранении исторической памяти о Великой Отечественной войне» атты Қостанай облыстық вебинарына қатысты.

Д.Т. Дюсибаева «Переписка Государственной публичной библиотеки Казахской ССР им. А.С.Пушкина   с читателями и сотрудниками­­­фронтовиками в годы Великой Отечественной войны» тақырыбында, А.Л. Кривков «Военно-трудовые будни и материально-бытовые условия жизни коллектива НБ РК в годы Великой Отечественной войны» тақырыбында баяндама жасады. Вебинарды Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның модераторы Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директоры С. С. Безаубекова болды.

Екі сағаттық вебинар барысында кітапханалардың Ұлы Отан соғысы туралы тарихи білімдерді сақтау және дамыту, ұжымдық жады қалыптастыру мен патриоттық тәрбиелеудегі рөлі туралы баяндамалар мен мәліметтер тыңдалды.

Вебинарға Рязань және Владимир облыстарының арнайы кітапханаларының өкілдері, сондай-ақ Қостанай облысының кітапханашылары қатысты.

семинар 1   семинар 2