+7 (727) 267-28-83

Байтереков

Өнер бөлімінің оқу залында композитор, дирижер, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің 80 жылдығына арналған «Сан қырлы сазгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – оқырмандарды С. Бәйтерековтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттермен таныстыру.

Сейдолла Бәйтереков Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының дирижерлік бөлімшесін тәмамдап, сол жерде ұстаздық еткен. Сол жылы Сейдолла үшін Б. Тәжібаевтың сөзіне жазылған «Әлия» әнінің салтанатты түрде жарыққа шығуытарихи кезең болды. Роза Рымбаеваның орындауындағы ән 1977 жылы Болгариядағы «Алтын Орфей» фестивалінде Гран-при жеңіп алды. Ұзақ уақыт бойы С. Бәйтереков «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі және дирижері болып жұмыс істеді, онда жас орындаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға көп көңіл бөлді.

1990 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін С. Бәйтереков «Саз» мемлекеттік дыбыс жазу студиясының директоры болды. Талантты композитордың ән шығармашылығы нәзік лиризммен және әуезділікпен ерекшеленеді. «Күнге табыну», «Дос туралы жыр», «Түркістан», «Өмiр-өмiр», «Мөлдiр сезiм», «Түсiнбедiм!», «Бip болайық!», «Сағындым даусыңды», «Аман бол!»және т.б.туындылары көптеген тыңдаушылардың ең сүйікті әндері болып табылады. С. Бәйтереков – көптеген мультфильмдердің, кинофильмдердің, драмалық қойылымдардың («Сақал саудасы», «Тастама отты, Прометей», «Турандот ханшайым», «Мен iшпеген у бар ма?», «Сказка о домбре и голубом цветке», «Махаббат аралы»), «Ерте, ерте, ертеде...» мюзиклінің музыкалық авторы болып табылады.

Сейдолла Бәйтереков – жан-жақты музыкант. Ол керемет талант иесі болды, сол себепті, композиторлықпен қатар симфония сияқты ірі жанрларда да  жұмыс істеді.

«Сан қырлы сазгер» көрмесі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім: «Шабыт шақ» өмірбаяндық ақпараты бар әдебиеттерді: «Қазақ өнері, энциклопедия», П.Момынұлы «Қазақ музыкасының қысқаша тарихы, Т.II», «Қазақстан мәдениеті», «Қазақстан композиторлары»және т.б. ұсынады. «Көңіл-күйім әндеріммен көңілді»деп аталатынекінші бөлімі композитордың шығармашылығы туралы әдебиеттерді: кітаптар, ноталық басылымдар, жазбалар, белгілі қазақ әншілері мен музыканттарының орындауындағы жазбалары бар CD-дискілер: С.Бәйтереков «Жан досым», «Ақ жауын», Ш. Сариев «Айналдым сенен, атамекен-ай»,«Қазақ әндері», «Ауыл кеші көңілді» және т. б. қамтиды.

«Сан қырлы сазгер» көрмесінде композитордың шығармашылығы туралы 100-ге жуық материалдар қойылған.