+7 (727) 267-28-83

  «Шекарадағы кездесулер»  жобасының идеясы 2001 жылдың 5-6 қарашасында «Қарағанды – Қазақстанның алғашқы кітапханалық астанасы» атты іс-шаралар шеңберінде өткен «Кітапханалар – Қазақстан қоғамы дамуының рухани қайнар көзі» атты конференцияда туған. Мегажобаны Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және ҚР Ұлттық кітапханасы ұсынған.

  Ресей-Қазақстандық мегажобаның өзекті мәселесі – ЕврАзЭБ-не мүше мемлекеттердің кітапханалары үшін  қазіргі заманғы ақпараттық құралдар арқылы екі халықтың тұтастығының куәсі іспетті тарихи тамырластықтарын және мәдени-рухани қарым-қатынасын қамтитын  бірыңғай ресурсты қалыптастырудың жобасын жасау болып табылады.

  Біріккен электрондық кітапхана құрудың мақсаты – қай мемлекеттің тұрғыны болғанына  және ақпарат көзінен қаншалықты алыстығына қарамастан, мемлекеттердің біріктірілген ақпараттық және мәдени әлеуетін күшейту арқылы екі мемлекет азаматтарының ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және біріккен Интернет-ресурсын қалыптастыру.

  Осы Жоба шеңберінде Ресейдің және Қазақстанның жазба мұрағаттарының электрондық топтамасын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Ұлттық кітапхана сайтында (www.nlrk.kz) жобаға қатысты кітаптардан, альбомдардан, мақалалар мен карталардан тұратын 380-ге жуық құжат бар.