+7 (727) 267-28-83

Кітапханатану. Библиография. Кітаптану = Библиотековедение. Библиография. Книговедение: мақалалар жинағы /ҚР Ұлттық кітапханасы; жауапты ред. К.К. Қоштаева. – Алматы, 2012. – 25 шығ.- 109 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Жинақта кітапханалардың ақпараттық ресурстарын, Қазақстанның кітап нарығының бағыттары мен болашағы кітапханалық-ағартушылық қызметіндегі кітапханалардың рөлін ашып көрсететін мақалалар қамтылған. Сонымен қатар, Қазақстан және Ресей авторларының 2012 жылдың 27 қыркүйегінде Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында кітапханалар қорын қалыптастыру» Республикалық семинарында баяндалған жекелеген баяндамалары енгізілген. Баяндамалардың негізгі тақырыптары – Қазақстан кітапханалары қорларын қалыптастыру, РҒА БҒТАИ ақпараттық ресурстары, сандық ортадағы кітапханалардың қызметі.

Кітапханатану. Библиография. Кітаптану = Библиотековедение. Библиография. Книговедение: мақалалар жинағы. 24 шығ. /ҚР Ұлттық кітапханасы; ред. алқа.: Г.Қ. Балабекова, Б.Шаймерденова, К.К. Қоштаева, құраст.: Н.А.Барсукова, Г.Т.Рахимжанова. – Алматы, 2012. – 110 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Жинаққа кітапхана қорын қалпына келтіру және сақтау, консервация және оқу, Қазақстандағы ұлттық библиографияның дамуы  мәселелеріне, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметіне арналған мақалалар енгізілді. XIX-ғасырдың аяғы – XX-ғасырдың басындағы Петропавл қаласындағы кітапханалардың қалыптасу тарихы берілген.